Егіз жігіттер егіз қыздармен қалай танысқандарын айтты

Егіз жігіттер егіз қыздармен қалай танысқандарын айтты

Ақтауда егіз жігіттер егіз қыздарға үйленді. Төребек пен Жолдасбек Төлепбергенұлдары Асыл мен Айым есімді қыздармен отбасын құрды. Мұндай жағдай негізі өте сирек кездеседі. Елімізде бүгінге дейін егіздердің егіздерге үйленуі екінші рет қана тіркелген.

Бұл той бір қарағанда сау адамның өзін шатастырады. Бірдей етіп киінген күйеу жігіттердің қалыңдықтары да бірдей ақ көйлек таңдапты. Дүкенде сатушы болып істейтін Айыммен алғаш болып Жолдасбек танысқан. Жігіт егіз ағасы барын айтып, бойжеткеннен бірдей екі аяқ киім сұрағанда қыз оны қалжыңдап тұр екен деп ойлапты.

Айым Бейназарова:

-«Егізім бар» деген уақытта мен не сенерімді не сенбесімді білмедім. Содан олар келді, егіз екенін білдік, осы жігітке тұрмысқа шығамын деген ой болған жоқ бізде. Егіз болғандықтан емес, бір бірімізді ұнатқандықтан отбасын құрып отырмыз

Жолдасбек Төлепбергенұлы:

-Басында шатастырдым, бір күн шатастырдым содан кейін ажыратып кеттім мен. Мінезінен,сөйлеу мәнерінен, енді ұқсайды ғой, сіздер де ажырата алмай отырған шығарсыздар.

Жолдасбектен 10 минут ерте туған Төребек те алғашында інісінің «егіз қыздармен танысайық» деген ұсынысына аса мән бермепті. Өйткені осылай үйленемін деген ой үш ұйықтасам түсіме де кірмеген дейді ол. Бірақ «бұйырған кетпейді» деген рас екен.

Төребек Төлепбергенұлы:

-Асыл екеуімздің сөзіміз қатты жарасты. Яғни үлкенге үлкен, кішіге кіші деген сөз ғой. Біз олай бөлінеміз деп ойлаған жоқпыз. Ойда-жоқта түсіп қалды да.

Асыл мен Айым Орал қаласында мұғалімдік оқуды аяқтаған. Ал Төребек пен Жолдасбек болашақ мал дәрігерлері. Енді Оралдан Маңғыстауға құда болып келіп жатқан қалыңдықтардың туыстары да екі қыздың жат жұртта бір- біріне серік болатынына риза.

Эльмира Қазиханова, қалыңдықтардың туысы:

-Әрине, біздер бірінші естігеннен бастап қуандық, өйткені екі бала бір үйге барады , осыған дейін олардың жұптары жазылған жоқ. Енді үлкен өмірде де олардың жұптары бірге. Алысқа кеткен қыздарымыз үшін сол жағынан ғана алданып, біздер әйтеуір, бірге бақытты болады деп сенеміз.
 ktk.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста