Белсіздікке бейім ерлер тобы белгілі болды
Таяуда бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, балалық шағында артық салмақ шеккендердің есейе келе белсіздік дертіне шалдығады., - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл жайында islam.kz тілшісі academic.oup.com (еуропалық эндокринология мерзімді басылымына) ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды.
Білікті мамандар 2 мен 18 жас аралығындағы 268 жастың денсаулық жағдайына қатысты медициналық мәліметтерді сараптап, сүзгіден өткізді.
Аталмыш зерттеуге атсалысқан Росселла Каннарелла есімді дәрігердің айтуынша, күллі әлем бойынша артық салмақтан зардап шегетін балалардың қарасы жылдан жылға артып келеді, алайда, семіздіктің аталық бездің метаболизіміне (зат алмасу процесіне) қалай әсер ететіні зерттелмеген.
Бұл тараптағы зерттеу аясында ғалымдар аталық бездің көлемі, дене салмағының индексі және инсулинге төзімділік туралы деректер жинады және талдаудан өткізді.
Салмағы қалыпты ұлдарда жыныстық жетілуге дейін артық салмақптан немесе семіздіктен зардап шегетіндерге қарағанда аталық безінің көлемі 1,5 есе жоғары екені анықталды.
Сонымен қатар, инсулин деңгейі қалыпты жас адамдарда 2 типті қант диабетімен жиі байланысты болатын гиперинсулинемиямен ауыратын адамдармен салыстырғанда аталық бездің көлемі 1,5-2 есе үлкен болды.
Ер адамның аталық безінің көлемі неғұрлым кіші болса, оның ұрпақ өрбіту қабілеті соғұрдым төмен болатыны турасындағы гипотезаны алға тартып отыр. Дәлірегі, көлемі кіші аталық без жеткілікті мөлшерде шәует өндіре алмайды.
Сонымен қатар, дене белсенділігі жоғары адамдарға қарағанда аз қимылдайтын ерлердің белсіздікке шалдығу қатері жоғары болып шыққан.