Б.Атамқұлов: Экономиканы өрге сүйрейтін күш - инвестиция

Б.Атамқұлов: Экономиканы өрге сүйрейтін күш - инвестиция

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов аудан, қала әкімдерімен өткен кеңейтілген аппараттық мәжілісте инвестиция тарту мәселесін талқылады, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" rgmedia.kz-ке сілтеме жасап.
«Елбасы өзінің берген тапсырмасында өңірлерге инвестиция тарту бағытындағы жұмысты жандандыру қажеттігін атап өткен болатын. Яғни біз облысқа ішкі және сыртқы инвесторларды көптеп тартуымыз қажет. Бұл өз кезінде аймақтың экономикасының дамуына оң әсерін беріп, халықтың жұмыспен қамтылуына септігін тигізеді»,-деді Б.Атамқұлов.
Сонымен қатар, жиында облыстағы индустриалды аймақтардың жайы қаралды. Онда әкім инфрақұрылым жүргізілмеген аудандардағы аймақтарға баса назар аударып, тиісті жұмыстарды жүргізуді сала басшыларына тапсырды.

 

Айта кетейік, бүгінгі таңда облысымыздағы индустриалды аймақтарда жалпы 160 жоба жүзеге асырылуда. Оның қәзіргі таңда 52-сі іске қосылған. Ал қалған 108 жоба алдағы екі жыл ішінде іске аспақ. Осылайша, екі жыл ішінде, ашылған 108 жоба шеңберінде облысымызда 8079 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 151,8 млрд. теңге инвестиция экономика айналымына тартылады деп күтілуде.
Айта кетері, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы өңдеуші өнеркәсіп өндірген өнім көлемін нақты мәнде 43 %-ға ұлғайтуды; өңдеуші өнеркәсіпте жалпы қосылған құнды нақты мәнде кемінде 1,4 есе ұлғайтуды; өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін нақты мәнде 1,4 есе ұлғайтуды; шикізаттық емес (өңделген) экспорт құнының көлемін кемінде 1,1 есе ұлғайтуды; өңдеуші өнеркәсіптің энергия сыйымдылығын 2012 жылдың деңгейіне қатысты кемінде 15 %-ға азайтуды; өңдеуші өнеркәсіпте жұмыспен қамтуды 29,2 мың адамға ұлғайтуды көздейді.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста