Атырау облысында қамқоршылық қызметінің өкілдері алты баласын әкесі жоқ кезде үйден алып кеткен

Атырау облысында қамқоршылық қызметінің өкілдері алты баласын әкесі жоқ кезде үйден алып кеткен

Атырау облысында көп балалы ата-ана балаларын қайтара алмай дабыл қақты. Ер адам жұмыста болған кезде қорғаншылық және қамқоршылық қызметінің өкілдері алты баласын үйден алып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Балалардың әкесі Маша, Андрюша, Никита, Юлия және Алинаны кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, Сашаны нәресте үйіне алып кеткенін айтады. Олар әкімдікке барып, көп балалы отбасы мәртебесін алмақ болғанда, қамқоршылық органдары қызығушылық танытқан көрінеді. Отбасыға көмек береміз деп шығарып салған қамқоршылық қызметі, балаларды алып кеткен.

Желіде қамқоршылық қызметінің балалар тұратын үйге келіп, үйдің жағдайын, жартылай жалаңаш балаларды түсіріп алған видеосы тарады. Видеода балалардың анасы “мені біреу өлтіріп кететін сияқты сезімдемін” деп айтқаны да жазылған. Видеодан кейін, балалар арнайы орталықтарға жеткізілді.

Қамқоршылық органдары үйдің жағдайы нашар екенін, тоңазытқыштың болмағанын алға тартқан. Ер адам үйде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті жабдықтарды сатып алса да, балалар отбасына қайтарылмапты.


"Учаскелік полиция қызметкері неке туралы куәлігімізді алып, балалардың 2 ай сонда қалатынын айтты. Ол жерде қанша болатынын білмейміз. Мен жұмыс істеймін, өз үйіміз бар, мен де, әйелім де еш жерде тіркеуде емеспіз. Біз балаларымызды жақсы көреміз", – дейді ер адам. 

Ерлі-зайыптылар Анастасия мен Виктордың жеті баласы бар. Ең үлкені 19-да, соңғысы әлі бір жасқа толмаған.

Ерлі-зайыптылардың балалары баратын мектептің директоры олар отағасының ағасының бір бөлмелі үйінде тұрып келгенін айтады. Оның сөзінше, балалардың анасының психологиялық ауытқуы бар. Түнде анасының ауыруы асқынып, төбелес шығаратын көрінеді. Оған қоса, балаларына да қол көтеріпті. 

“Олардың көршісі Бақыт апа түнде мені оятып, "Кел, әйтпесе анасы үйдегілердің бәрін өлтіреді!" деп көмек сұрайтын. Біз келгенде, балалар қорқып бұрышта отыратын. Ковидке байланысты онлайн оқыту басталғанда, біз жағдайы төмен отбасыларды аралай бастадық. Балалардың суық кезде киімсіз жүргенін бірнеше рет байқағанбыз. Олар еденде жататын. Алайда арнайы компания отбасыға кілем де сыйлаған еді. Ауылды жер болған соң, жиналып кілем де, төсек те алып бердік”, – дейді мектеп директоры Әжғалиева.

Ал қорғаншылық қызметі балаларды негізсіз алып кетпегенін алға тартты. 

“Сотсыз, құжатсыз қорғаншылық ештеңе шешпейді. Балаларды себепсіз алып кету мүмкін емес. Ең алдымен, ана мен әке өз балалары үшін жауапкершілікті толық түсінуі керек. Балаларды ЦАН-ға алып кеткеннен кейін, әкесі ойланып, жақсы жұмыс тауып, ал анасы балаларға қорған болатын шығар”, – дейді психолог Нелли Куликовских.

Алайда желідегі белсенділер балаларды отбасына қайтаруды талап етуде. Олар қамқоршылық органдарының бұл әрекетін дұрыс емес деп есептейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста