Жалдамалы әскер ұстау нарық заңдылығы ма?

Жалдамалы әскер ұстау нарық заңдылығы ма?

ҚР Қорғаныс күштері қайта құрылымдауды кезең-кезеңімен бастан ке­шіріп жатыр. Мұндағы жаңа үрдістің бірі – әскердің жалдамалы сипатқа ие болуы. Алты жыл бұрын қазақ әскерінде кәсіби сержанттық құрама құру бойынша реформа қолға алынған-ды. Бүгінгі таңда жаңа сипаттағы осы әскери бағыт қосымша тың қағидалармен толығып та келеді. Нәти­же­сінде, ел әскері құрамының шамамен 60 пайызын келісімшарт­тағылар құ­раған. Бастапқы кезде белгіленген жалақы көлемі – 25-30 мың теңге кә­сіби мамандарды қызықтыра қоймады, сондықтан сапаға келгенде, шалыс басып жатқан тұсымыз болмады емес, болды. «Біткен іске сыншы көп демекші» бұл кемшілікті бетімізге басушылар да арамыздан табылып жатты. Алайда төрт-бес жыл бұрын жалдамалы әскердің ақысында күрт өзгеріс орын алып, ол бірден 40 пайызға жоғарылады. Тіпті соңғы кездері келісімшартпен әскери қызметке тұру үшін бойжеткендеріміз де көптеп ықылас білдіре бастапты. Қалай дегенмен де ТМД елдері ішінде Қазақ­стан­ның кәсіби әскерінің жағдайы тартымды екендігін көршілер де мо­йындайды. Әсіресе жалақысы бойынша...
Әскерге ақымен еріктілерді тарту тура­лы баяғыда, Кеңес өкіметі кезінде сөз қоз­ғал­ған. Сондықтан тәуелсіздік алып, жағ­да­йымыз дұрыстала бастағанда бұл бас­тама дереу қолға алуды талап етті. Қа­зақстан әскерінің келісімшарттағы сержант құ­рамасы, негізінен, Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан Ш.Уәли­ха­нов атындағы Кадет корпусынан міндетті түрде білігін арттырады. Мұнда білім алуды тамамдаған соң, олар алты деңгейді қамтитын дайындық курсынан өтеді. Не­гі­зі­нен, қысқа мерзім ішінде кәсіби әс­ке­рі­міз­бен мақтанатын жағдайға жетіп қалдық. Тө­ленетін ақы ұлғайтылған соң, соңғы кез­дері сапаға да айрықша маңыз бері­ліп, заңнамалық тұрғыда кәсіби әскерді ірік­теудің жаңа қағидаттары енгізіле бастады.
Соңғы кездері Қазақстанда қыздардың әскери қызметке орналасуы сәнге айнала бастаған десек те болады. Өйткені жоғары білімсіз бойжеткендер қарапайым өмірде мұндағы жалақыға сай жұмысқа орна­ласуы екіталай көрінеді. Жалпылай ал­ған­да, елі­міз­дегі әскери құрамның 60 пайызы ке­­лі­сім­­шарт негізінде десек, оның 30 па­йы­зын нәзік жандылар құрайды екен. Не­гі­­зінен, олар – медбикелер, байла­ныс­шы­лар, план­шетпен жұмыс істеушілер, тыл­­­дағы қыз­меткерлер және т.б. Осы жа­ғы­нан ал­ғанда, ең алдымен, кәсіби әскерді тар­­т­ым­ды ететін жаққа кеңінен тоқтала ке­те­лік, яғ­ни жалақы көлеміне. ҚР Қорғаныс күш­­­тері министрлігінің 2010 жылғы мә­лі­мет­­­те­ріне сүйенсек, біздегі контрактпен әс­кери қызмет атқаратындардың алатын ақы­сы мынандай екен (содан бері бұл кө­лем қатты өзгеріске ұшырай қоймаған болуы керек):
- қатардағы солдат – 43 657 теңге
- кіші сержант – 51 143
- сержант – 68 647
- аға сержант – 81 658
- ІІІ-сыныпты сержант – 93 830
- ІІ-сыныпты сержант – 108 204
- лейтенант – 85 092
- капитан – 108 713
- майор – 128 057
- полковник – 185 542
- генерал-майор – 282 474

Со­­­ны­мен қатар кәсіби әскер қосымша әс­ке­­ри паекпен, киім-кешекпен, меди­ци­на­лық қызметпен, пәтермен тегін қам­та­ма­сыз етіледі.
Енді салыстырмаға келсек, бізге қара­ған­да Ресей мен Украинаның аталған сала­дағы мұндай қызметтің ақысы біршама ғана артықтау. Ал Өзбекстанда «контрак­тник» жауынгердің айына алатыны – 60 дол­лар, яғни 8 мың теңге. Кіші офицерлері – 120-130 долларды, аға офицерлері – 200 долларды қанағат етеді екен. Мұндағы ресми орташа жалақы көлемі – 220 дол­лар. Осы жағынан алғанда, өзбектің кәсіби әскері еліндегі орташа айлыққа да үміт арта алмайтын болып тұр. Түрікмендердің рес­ми бұқаралық ақпарат көздері ондағы жал­дамалы әскерилердің жалақысы ТМД-дағы ең жоғарғысы деп мәлімет таратады. Бірақ көз көргендердің айтуынша, мұның бар­лығы лепірме сөз, жалған ақпарат. Шын­­туайтында, түрікменнің қатардағы сол­­датының қолына тиетіні – 3,5 доллар, лей­­тенанты – 250 доллар, майоры – 450 дол­­лар, полковнигі – 650 долларға мал­да­нады. Ал қырғыз бен тәжіктердің жағ­да­йы тіптен мүшкіл. Мұндағы ақыға әскери қыз­мет көрсететіндер жалақысын естіртіп ай­туға ұялады. Мәселен, тәжік майоры 80 дол­лар алса, полковнигінің айлығы – 120-130 доллар. Мұның соңғысы – біздің жал­дамалы әскердегі сержанттың алатынынан 2-3 есе аз көлем. Қырғыздың майор, под­полковник және полковнигінің айлығы да сол 300 долларға барып жығылады. Қатардағы келісімшартпен әскери қызметін өтейтін жауынгердің алатыны не бәрі 65-70 доллар, яғни 8 мың теңге көлемінде. Сондықтан мұнда әскердің жалдамалы түрі де тартымсыз. Бұл келеңсіздікті жою үшін қырғыз билігі «Отан алдындағы борышын өткергісі келмейтіндер 300 доллар кө­ле­мінде айыппұл төлеуі тиіс» деп заңға нор­ма да енгізген. Алайда бұл шара қыр­ғыз­дың әскери қызметкерлерінің жалақысын жақ­­сартуға еш әсер етпепті. Осы жағынан ал­ғанда, Қазақстан қарулы күштерінің кәсіби әскері ТМД елдерімен салыс­тырмалы түрде ақылға қонымды пұлмен қамтамасыз етіліп отыр деп тұжырымдама жа­сауға болады. Егер ресми баспа­сөз­дер­дегі мәліметтерге сүйенсек, біздің әскери құ­рамымыздың саны 70-75 мың адамнан тұрады екен. Демек, жалдамалысының саны 35-45 мыңға барып жығылады.
Қоғамда бұл бағытта көп талқыланып жүрген мәселенің бірі – осы кәсіби әскер көлемін 80-100 пайызға жеткізу жайы. Ол туралы пікір екіге жарылады. Алайда құ­зыр­лы ведомства соңғы кездері сапаға кө­бірек көңіл бөліп, яғни кіл мықтыларды ға­на іріктеп алып, ал жалпы көлемді қыс­қарту керек деген ойда екен. Алдыңғы жыл­дары Қорғаныс министрлігі біздегі ке­лісім­шартпен жұмыс істейтіндердің бас­қасынан мемлекетке әлдеқайда қымбатқа түсіп жатқанын, сондықтан кәсіби әскер санын қысқарту туралы мәлімдеген еді. Бұл – 2009 жылғы мәлімдеме. Содан бері сан азайды ма, оны білмейміз, бірақ сапаны анықтауда түбегейлі өзгерістер бары анық. Мәселен, офицерлік және әскери қыз­мет­кер­лер құрамасы бойынша келісімшарт негізінде әскер құрудың енгізілген жаңа қағидасына сәйкес, үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастап еліміздің ірі қала­ларында әскери қызметке іріктеп алудың 34 пункті жұмысқа кірісті. Одан бері бір жарым айдай ғана уақыт өтті. Нәтиже жоқ емес: 300-ге жуық запастағы офицер және шамамен 280 әскери қызметкерді ке­лі­сім­шарт­пен жұмысқа тартуға мүмкіндік туын­даған. Таяу болашақта мұндай пункттер елі­міздің облыс орталықтарында да бой көрсетеді деп жоспарланып отыр екен. Енді бұл саладағы жаңа өзгерістерге келсек. Қор­ғаныс министрлігі 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап  келісімшартпен әскери қызмет атқаратындарды пәтермен қамтамасыз етудің жаңа тәртібін енгізген.  Ол бойынша 10 жыл адал еңбек еткендер өз баспанасын жекешелендіруге мүмкіндік алады. Алайда 2013 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызметтік пәтерін на­рық­тың емес, мемлекет белгілеген құн бо­йын­ша меншіктей алады. Ал қызмет мер­зімі 15 жыл және одан көбін құрай­тындар пә­терін 20 жылғы әскери қызметінің өтеуі ретінде тегін жекешелендіруге құқылы. Сондай-ақ осы жылдан бастап қызметтік пәтер ұсы­ныл­маған келісімшарттағы әскерилерге жал­дап тұратын баспанасының ақысы төленетін болыпты.
Қалай дегенмен де жоғарыдан түй­ге­німіз, кәсіби әскер ұстау – қамбатқа түсетін ләз­зат. Сондықтан бұл ретте мамандар эко­номикамыздың жылдық түсіміне сәйкес, мұн­дағы санды қысқартып немесе арт­ты­рып, реттеп отыру керек деп есептейді. Бірақ құн жағын тізгіндемеу керек. Өйткені сананы болмыс билейтін нарықтық зама­нын­да әскеріміз жалдамалы болғанда ғана кә­сіби мамандарға тартымды екенін бай­қатып отыр. Оған бүгінгі таңда жалпы әскер құ­рамасының тең жартысы келісім­шарт­та­ғы­лардың құрауы дәлел болса керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста