Жетісу облысында КамАз жүк көлігі мен электр пойызы соқтығысты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Sputnik.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.
Оқиға 24 шілдеде сағат 10:50-де болған. Қала маңына жүретін электр пойызы мен КамАз соқтығысқан.
"Бескөл - Достық учаскесіндегі теміржол өткелінде КамАз автокөлігінің жүргізушісі электр пойызымен соқтығысты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр", - дейді ведомство.
Компания мамандарының айтуынша, оқиғаға КамАз жүргізушісі себепкер болған.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz