Жетісу облысында жылқылардың қатысуымен жол апаты болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
12 наурыз Алматы-Өскемен автожолының 196 шақырымында 46 жастағы ер адам JAC S3 жол талғамайтын көлігін жүргізіп келе жатып, төрт атты қағып кеткен.
ЖКО-да 45 жастағы жолаушы әйел зардап шегіп, түрлі жарақаттармен Көксу аудандық ауруханасына жатқызылды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері жол бойында қараусыз қалған жылқылардың иесін анықтап жатыр.