Жетісу облысында жол апатынан бала жарақат алып, әйел адам қайтыс болды , - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Дерек 8 тамыз күні Mercedes Benz көлігінің қатысуымен Көксу ауданында тіркелді. Неміс шетелдік көлігін 39 жастағы ер адам басқарған.
Ол Алматы-Өскемен тас жолының 235 шақырымында көліктің аударылуына жол берген.
Оқиға орнында жүргізушінің 35 жастағы әйелі қайтыс болды. Сондай-ақ екі жасар бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz