Түркістан облысында адам өліміне әкеп соқтырған жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы «Жедел шақыру» бағдарламасының тілшісі мәлімдеді.
Қайғылы оқиға 28 тамыз күні түнде, Сайрам ауданынында, Ақсукент-Қарамұрт тас жолында болған. Киа жеңіл көлігі ЗИЛ жүк автомашинасымен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан Kia көлігінде болған 3 адам оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz