Түркістан облысында Toyota Alphard аударылып, үш адам ажал құшты

Түркістан облысында Toyota Alphard аударылып, үш адам ажал құшты

Түркістан облысында жол апатына ұшыраған Toyota Alphard көлігінің жүргізушісіне қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

18 тамыз таңғы сағат 05:00 шамасында Шымкент – Самара тас жолының 58-шақырымында жол апаты болды.

 

Оқиға орнына шыққан полицейлердің анықтауынша, Алматы қаласынан Қызылорда қаласына бет алған Армения нөмірлі Toyota Alphard автокөлігінің артқы дөңгелегі жарылып, жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол жиегіне аударылып кеткен.

 

Салдарынан 3 адам қайтыс болды (2 адам оқиға орнында көз жұмса, біреуі ауруханада). Ал 3 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

 

Сондай-ақ тексеру барысында көліктің дөңгелегі қыс мезгіліне арналғаны, яғни жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны анықталды.

 

Одан бөлек техникалық жағдайы төмен деңгейде (ескі) болған.

 

Оқыс оқиға орын алмас бұрын жүргізушіге Түркістан, Жамбыл облыстарының патрульдік полиция қызметкерлері жолда сақ болуын, жылдамдықты асырмауын, егер шаршаған жағдайда аялдап тынығып алуын ескерткені белгілі болды.

 

Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары басталды.

 

Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста