15 тамызда Ақсу-Аюлы кентінен 50 км қашықтықта, Алматы - Екатеринбург автожолында Chevrolet Cobalt және Volkswagen Passat көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Жол апаты салдарынан Volkswagen көлігінің 41 жастағы жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Сондай-ақ 28 жастағы Chevrolet жүргізушісі және екі көліктің жеті жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz