Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
20 маусым күні сағат 18.15 шамасында республикалық маңызы бар Алматы - Екатеринбург тас жолында, Қарағанды қаласына 20 шақырым жетпей Toyota Camry және Nissan автокөліктері соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам, оның ішінде екі көліктің жүргізушілері алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Екі кәмелеттік жасқа толмаған бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерден жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.