Павлодарда автобустың қатысуымен болған жантүршігерлік апаттың видеосы тарады

Әлеуметтік желіде Павлодарда автобус пен көлік соқтысқан жол апатының видеосы тарады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апатынан екі жолаушы зардап шеккен, оның біреуі жүкті келіншек. Екеуінің де жағдайы ауыр, бір аптадан бері жансақтау бөлімінде жатыр.

 

Қайғылы оқиға болған сәт автобус салонында орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнежазбада автобусқа тиген қатты соққыдан терезелер сынып, темір тұтқалар жұлынып кеткені көрсетілген. Негізгі соққы қазір ауыр халде жатқан екі жолаушыға түскен.

 

 

"Қарындасымыз апаттың бірінші күнінен бастап жансақтау бөлімінде жатыр. Миы шайқалып, бет сүйектері сынған. Жағдайы ауыр, тамағында түтік бар, өздігінен дем ала алмайды", - дейді зардап шеккен 34 жастағы әйелдің туыстары.

 

Жүктіліктің төртінші айындағы келіншек сол күні ауруханадан үйіне келе жатқан екен.

 

"Олардың айтуынша, жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысудан сақтанған, сондықтан автобусқа соқтығысқан. Тергеу жүріп жатыр. Бірақ біз үшін қазір ең бастысы, әпкемнің сауығып кетуі. 10 наурызда оған ота жасалуы керек. Сауыққаннан кейін пластикалық хирургия қажет болады", - деп атап өтті әйелдердің туыстары.

 

Бет сүйектері сынған 55 жастағы жәбірленушінің де жағдайы ауыр.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста