25 маусым сағат 17:30-да Астана-Шідерті автожолының 252 шақырымында Mercedes автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, аударылып қалып, оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Екі кәмелетке толмаған жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр.