Оралда жол апатынан жеті бала зардап шекті

Оралда жол апатынан жеті бала зардап шекті

Оралда жол апатынан 10 адам зардап шегіп, 16 жасар қыз жансақтау бөліміне жатқызылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 12 шілде күні Зачаган кентінде Саратов тас жолы мен Е.Брусиловский көшесінің қиылысында болды.

 

«Шамамен сағат 17.15-те 1991 жылғы жүргізуші «Лада Гранта» автокөлігімен келе жатып, жол қозғалысы ережесін қамтамасыз етпеген. Содан 1989 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «Лада Ларгус» автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Лада Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі және 1989, 1993 жылғы жолаушылары облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Оған қоса осы автокөлікте отырған 2010, 2011, 2013, 2015, 2017, 2020 және 2021 жылғы балалар облыстық көпбейінді балалар ауруханасында. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр» деп хабарлады ведомстводан.

 

 

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сол күні сағат 17.45-те жедел жәрдем бригадасымен жеті бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

 

Дәрігер мамандар қарап, рентгенография, зертханалық зерттеулер және бүкіл қажетті тексеру жүргізген. 2017 жылғы қыз жансақтау бөліміне жатқызылды.

 

Қалғандарына қажетті көмек көрсетіліп, амбулаториялық емдеуге жіберілді.

 

Облыстық ауруханаға жеткізілген 1988 жылғы әйел - нейрохирургия, 1989 жылғы ер адам - травматология бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайлары орташа ауыр.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жүргізуші 51 жастағы әйелді қағып, қашып кеткен болатын.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста