Оралда мас күйде көлік басқарған жүргізушінің кесірінен бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE.KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
5 ақпан сағат 02:30 шамасында Орал қаласы Әбілқайырхан даңғылында Toyota Camry автокөлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Audi автокөлігіне соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан Audi жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
2003 жылғы Toyota жүргізушісі мен жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
9 ақпан күнгі сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, адам өліміне әкеп соқтырған жол көлік оқиғасы кезінде Toyota жүргізушіcі мас күйінде болған.
Қандағы алкоголь мөлшері 1,34 промиллені құрады.
Азамат күдікті ретінде ҚР ҚІЖК-нің 128-бабының негізінде ұсталды.
Қылмыстық іс ҚР ҚК 345-1-бабының 3-бөлімінде қайта сараланды "Мас күйінде жол қозғалысы ережелерін бұзу адамның өліміне әкеп соқтыру".