Денсаулық сақтау министрлігі Жетісу облысы Ақсу ауданының жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фельдшер Демеубаев Мұхит Қожахметұлы және жүргізуші Есболатов Ермек Сауытқалиұлы Матай ауылындағы балаға шақыртудан базаға оралып келе жатып, трассада өліммен аяқталған жол апатына ұшырады.
Бұл қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқандардың отбасылары үшін және денсаулық сақтаудың барлық саласы үшін үлкен қайғылы жағдай.
Мұндай жағдайлар дәрігерлердің жанқиярлығын білдіреді, олар өз өмірлерін қатерге тігіп, басқаларды құтқарады.
Айта кетейік, бүгін Жетісу облысына қарасты Ақсу ауданында жергілікті маңызы бар «Көлтабан-Матай» тас жолында жедел жәрдем көлігі мен «Урал» жүк автомашинасы соқтығысып, салдарынан екі медицина қызметкері қаза тапты.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz