БҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында орын алған жол апаты салдарынан тағы екі адам мерт болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вugin.kz-ке сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 7 шілде күні Бөрлі ауданы аумағында болды.

 

"Сағат 18.20-да Бөрлі-Ақсай-Жымпиты күре жолының 10-шақырымында 1983 жылғы жүргізуші "ВАЗ-21114"  автокөлігімен келе жатып, қарсы бетке шығып кеткен. Содан 1981 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан "ВАЗ-21120" автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Жол апаты салдарынан екі жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Үш жолаушы Ақсай қаласындағы орталық аудандық аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр",- деп хабарлады ведомстводан.

 

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, аталған ауруханада жатқан 1989 жылғы ер, 1984 жылғы әйел адамның және 2013 жылғы баланың жағдайы орташа ауыр.

 

Бұл – бір күнде болған екінші қайғылы оқиға.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста