18 маусым күні сағат 9:10 шамасында Атырау-Ақтөбе тас жолы тұсында Lada Priora және Yutong автобусының қатысуымен жантүршігерлік ірі жол-көлік апаты болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Дәурен Насиполла, Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі:
– Оқиға салдарынан 1985ж.т., 2013ж.т., 2016ж.т., 2019ж.т., 2021ж.т., жолаушылары оқиға орнында қаза болып, Lada Priora автокөлігінің 1982ж.т., жүргізушісі Атырау облыстық ауруханасында алған дене жарақаттары салдарынан қаза тапты. Қаза тапқандар төрт баласы бар ерлі-зайыптылар, яғни бір отбасы.
Аталған факті бойынша қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.