Атырау облысының жол апатынан 2 адам мерт болды
Атырау облысында жол апатынан 2 жолаушы мерт болып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше, 21 тамыз күні сағат 19:30 шамасында болған.
«Жол апаты Ақтөбе – Атырау –Астрахань (Ресей Федерациясы) бағытындағы республикалық тасжолда тіркелді. Аталған жолдың 635-шақырымы тұсында Toyota Prada және Lada Granta автокөліктері соқтығысты. Салдарынан Lada Granta автокөлігіндегі 2 жолаушы оқиға орнында мерт болды. Ал Lada Granta жүргізушісі мен Toyota Prada көлігінің 2 жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Қазір полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдарын жүргізуді бастады.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында кейінгі екі айда 4 жол апатынан 20 адам мерт болғанын жазған едік. Қайғылы жағдайлар өңірдің республикалық жолдарында болған.
Жол-көлік оқиғаларының басты себебі – жүргізушілердің жолда жүру ережесін сақтамауы, қарсы бағытқа шығуы, жылдамдықты асыруы.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz