Астанада 18 сәуір Subaru автомашинасының жүргізушісі Тілендиев даңғылымен жүріп келе жатып, рөлді басқара алмай, ілеспе бағытта келе жатқан Howo жүк көлігімен соқтығысуға жол берген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
ЖКО салдарынан Subaru жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Тексеру барысында Subaru автокөлігінің айдап әкетілгені анықталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.