Ақтөбеде мектептің оқушыларын тасымалдайтын автобус жүк көлігімен соқтығысты. Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 28 желтоқсан күні сағат 20.00 шамасында болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтөбе-Астрахан тасжолының Темір ауданы Жақсымай ауылының маңында «ПАЗ» маркалы мектеп автобусының 62 жастағы жүргізушісі екінші қарсы жолаққа шыққан кезде негізгі жол бойымен келе жатқан жүк көлігіне жол бермеген.
«DAF жүк көлігімен соқтығысқан кезде автобус жүргізушісі алған жарақаттарынан сол жерде мерт болды. Автобус салонында жүргізушіден басқа ешкім болмағаны анықталды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп жазылған ресми мәліметте.