1 тамыз шамамен сағат 11:00-де Самара-Шымкент автожолының 765 шақырымында Mercedes жүк көлігі мен ВМW автокөлігі соқтығысты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Салдарынан BMW автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тауып, бір жолаушысы Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді.
Автокөлік жүргізушілерінен жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz