Ақтөбе облысында жол апатынан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
4 мамырда Қобда кентіндегі Самара-Шымкент автожолында Nissan Almera автокөлігі Shacman жүк көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртеніп, жүк көлігі аударылды.
Жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.
Жүк көлігінің жүргізушісі Қобда кентіндегі аудандық ауруханаға жеткізілді.