Ақтөбе облысында ЖКО салдарынан бір жасөспірім оқиға орнында көз жұмып, төртеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
4 наурыз күні сағат 20:55 шамасында Шалқар автожолының 4-ші шақырымында Toyota Land Cruiser автокөлігін басқарған жеткіншек рөлді басқара алмай, көлікті аударып алған.
Белгілі болғандай, жасөспірім ағасының көлігін сұраусыз алған.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Нариман Мухтаров, Шалқар ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары:
– Балаларға көлікті басқаруға бермеулеріңізді сұраймыз.