Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал мотоциклдегі екінші адам аман қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай автоХҚКО маңында болды.
Yamaha мотоциклінің жүргізушісі Момышұлымен оңтүстікке қарай кетіп бара жатқан. Бұрылатын кезде ол мотоциклге ие бола алмай, бөлу жолағын кесіп өтіп, ағашқа соғылып, жолдың қарсы бетіне шығып кетті.
Алған жарақаттарынан мотоциклші оқиға орнында қайтыс болды. Ал оның жолаушысы еш зардап шеккен жоқ.
Полицейлер апаттың мән-жайын анықтап жатыр.