Оқиға Алматы облысындағы елді мекендердің бірінде болған. Кадрда көліктің қоршауға қалай соғылғаны, содан кейін жүргізушінің оқиға орнынан қашып кеткені көрсетілген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Адырна" порталына сілтеме жасап.
Анықталғандай, құқық бұзушының анасы 1981 жылы туған азамат Н. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен – «Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу, құқықтарды және (немесе) қорғау міндеттерін орындамауы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
"2007 жылы туған жасөспірім пайдаланған көлік айыппұл тұрағына қойылды. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін полиция қызметкерлері ата-аналармен және кәмелетке толмаған баланың өзімен профилактикалық әңгіме жүргізді. Берген ақпараттары үшін азаматтарға алғыс айтамыз. Ол құқық бұзушыны жедел анықтауға және ұстауға ықпал етті», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz