Алматы облысында Mercedes көлігін тізгіндеген жүргізуші ағашқа соғылып, жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 24 сәуірде сағат 09:20 шамасында орын алды.
Mercedes-тің 61 жастағы жүргізушісі "Алматы-Бішкек" тас жолымен келе жатып, 33-ші шақырымда рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылды.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккен жүргізуші Қаскелең қаласындағы орталық аудандық ауруханаға шұғыл жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды.