Түркияның Алания қаласында Қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Салдарынан 2 кісі қаза тапты.
Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, шағын автобус жүргізушісі мен гид қайтыс болған. Соңғысы Украина азаматы көрінеді.
Тағы 12 адам жарақат алды. Алтауының жағдайы ауыр. Олар Алания мен Манавгат аудандарындағы ауруханаларға жеткізілді.
Қазақстандық туристер мінген шағын автобус Окуржалар Mahallesi тасжолының бойында жүк көлігіне соғылған.
Оқиға орнына полиция мен медициналық топтар жіберілді. Қазақстан азаматтарының жағдайы анықталып жатыр.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz