42 көлік соқтығысып, 19-ы жанып кетті

42 көлік соқтығысып, 19-ы жанып кетті

Венгрия астанасы Будапешттен батысқа қарай 20 км жерде М1 тасжолында ірі көлік апаты болды. 42 автокөлік соқтығысқан, оның 5-еуі — жүк көлігі, 37-сі — жеңіл көлік, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап жазды.

Ел астанасының Бас полиция басқармасы мәлім еткендей, 19 көлік жанып кеткен, 40-қа жуық адам жарақат алған.

 

«Ауруханаға 39 адам жеткізілді. Оның 29-ы ересек адам, 10-ы — бала. 10 ересек адам ауыр жарақат алған, 19-ы жеңіл жараланған. 4 бала ауыр жарақат алса, 6 бала жеңіл жарақат алған» деп хабарлайды Ұлттық жедел жәрдем қызметінің баспасөз хатшысы Павел Дьёрфи.

 

Оның айтуынша, жапа шеккендерді эвакуациялау үшін 4 тікұшақ, 16 жедел жәрдем көлігі пайдаланылған.

 

Жедел жәрдем бригадалары Будапешттен ғана емес, Дьёра, Татабаньи және Секешфехервара секілді басқа қалалардан да келген.

 

Полиция апатқа қатты жел тұрып, құмды дауыл соққандықтан жолдың көрінбей қалуы себеп болғанын айтып отыр.

 

М1 тасжолы— Австрияға қарай бастайтын автожол. Қазір ол екі бағытта да жабық тұр.

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста