Жамандықты ұмыттыратын дәрі пайда болды
Пуэрто-Рико университетінің ғалымдары негативті жайларды ұмыттыратын дәрі ойлап тапты. Ол, негізінен, түрлі фобиямен ауыратын адамдарға қолданылмақшы.
Фармакологтердің айтуынша, таблеткалардың әсерін анықтау үшін ең әуелі тышқандарға сынақ жүргізілді. Дәрігерлер дыбысы зорайтылған ырғақты әуенді ойнатып, тышқандарды токпен ұрған. Тәжірибені бірнеше рет қайталағаннан кейін осы әуен естілген кезде, кеміргіштер токпен ұрмай-ақ есінен айырылып, қимылсыз қалу рефлексіне ие болады. Ал жаңа препаратты қолданған кезде тышқандар әуеннің дыбысына ешқандай реакция білдірмеген. Пуэрториколық мамандардың мәліметінше, жаңа антибиотиктерді зорлық-зомбылық пен түрлі апат құрбандарына және соғысқа қатысқандарға қолдануға болады. Дәрі мидың қорқыныштармен күресуге жауапты жасушаларын дамытады, алайда оның жүйке жүйесіне еш әсері жоқ.