Хормен ән айту адамның психологиялық жай-күйін жақсартады. Ұлыбританияның Оксфорд Брукс университетінің ғалымдары хор әнін емдеудің бір түріне айналдыруды ұсынады.
Бұл туралы Мeddaily.ru жазады. Ник Стюарт есімді ғалым әншілер мен спортшылардан тұратын 375 адамнан сауалнама алған. Зерттеудің нәтижесінде әншілердің, соның ішінде, хор құрамында ән айтып жүргендердің психологиялық күйзелістерге төзімді келетіні анықталды. Ғалымдардың айтуынша, хормен ән шырқаған кезде адамның қанындағы оттегі деңгейі артып, көңіл-күйді көтеретін гормондар еркінсиді. Соның әсерінен жүректің соғысы үйлесім тауып, күйзеліс азаяды.
Хормен ән айту денсаулыққа пайдалы
Последние статьи автора