Ұшақтағы жарқанат адамдарды құтыртып жібере жаздады

Ұшақтағы жарқанат адамдарды құтыртып жібере жаздады

АҚШ-та жолаушылар ұшағына кездейсоқ кіріп кеткен жарқанат 50 жолаушыны әбігерге салды. Енді ұшақта болғандардың бәрі құтыру ауруына қарсы тексерілмек.

Халықаралық ақпарат агенттік­терінің мәліметінше, оқиға Delta әуе компаниясының ұшағында болған. Мэдисон қаласынан Атлан­таға бет алған ұшаққа жарқанат кіріп кетіп, әрлі-берлі ұшып, қиғылық салады. Ұшақ қызметкерлері қауіпті жәндікті дәретханаға қамап құтылады. Бірақ сапар жалғаспай, әуе көлігін қайта­дан Мэдисон әуежайына қондыруға тура келеді. Ұшақ қонақтағаннан кейін жарқанат телескопиялық құбыр арқылы сыртқа шығарылған. Ал 50 жолаушы дәрігерлік тексерістен өтпекші. Өйткені адамдардың берекетін алған жәндік құтырған болуы мүмкін. Айта кетейік, АҚШ-та құтырған жарқанаттар шабуылы жиі тіркеледі. Америка аурулардың алдын алу және бақылау орталығының мәліметі бойынша, елде жыл сайын жарқанаттың әрекетінен орташа есеппен үш адам құтырады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста