Терісі жоқ сәби дүниеге келді
АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатында терісі жоқ сәби дүниеге келді. Оның анасының жүктілік кезіндегі денсаулығының жақсы болғанына күмән келтірмеген дәрігерлер сирек кездесетін құбылысқа аң-таң болып отыр.
ABC News-тің хабарлауынша, туғанына бір ай бола қоймаған Броди Кертиске «буллезді эпидермолиздің сирек кездесетін формасы» деген диагноз қойылған. Сәбидің денесі үшінші дәрежелі күйік шалған адамды еске салады. Нәрестені инфекциядан қорғау үшін дәрігерлер оны әркез дәкеге орап, тәніне май жағып отыруға кеңес береді. Әзірше сирек кездесетін аурудың сыры анықталған жоқ, бірақ мамандар оның тұқым қуалайтынын айтып отыр. Дегенмен Бродидің анасының денсаулығы жүктілік кезінде де, оған дейін де дәрігерлердің ешқандай күдігін туғызбаған.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу