Қытайда жыныстық дағдарыс басталды

Қытайда жыныстық дағдарыс басталды

Қытай тұрғындарының 34%-ы жыныстық өміріне риза емес. Қытай коммуникация орталығы мен Шанхай әлеуметтік ғылымдар академия­сының зерттеушілері елде секс-дағдарыс басталғанын жария етті.
Xinhua агенттігінің хабарлауынша, сарапшылар жүргізген әлеуметтік зерт­теуге 15 пен 55 жас аралығындағы 3000-нан астам адам қатысқан. Олардың арасында ерлер де, әйелдер де бар. Сауал­намаға жауап бергендердің 34%-ы жыныстық қарым-қатынастан ләззат ала алмай жүргенін, 32%-ы пәлендей риза емес екенін, 6,5%-ы, тіпті наразы екенін айтқан. Зерттеуге қатысушылардың 23%-ы ғана сексуалды өміріне қанағатта­натынын білдірген. Бұған қоса, қытай­лық­тардың көбі секспен өте аз айналы­сатын болыпты. Сарапшылардың ай­туын­ша, миллиардтан асатын халқы бар ел үшін бұл – дабыл қағатын жайт. Қытай андрология қоғамының президенті Цзян Хуэйдің айтуынша, азаматтардың жы­ныс­тық өмірі сапасының нашарлауы қарқынды экономикалық дамудың әсері. Өндірісті өркендетуден туындайтын әлеуметтік қысым ел тұрғындарына кері әсер етіп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста