Көпшілік кинотеатрда отырып күйсегенді жақсы көретін попкорнның адам ағзасына орасан зор пайдасы бары анықталды. Америкалық ғалымдардың зерттеуінше, бұл тағам түрінің құрамында жеміс-жидектер мен көкөністерде болатын антиоксиданттар көп екен.
km.ru ғаламтор ресурсының хабарлауынша, ғалымдар бидай ботқасы, пісте мен попкорн құрамындағы полифенол антиоксиданты мөлшерін анықтау үшін сынақ жүргізген. Нәтижесінде, аталған тағам түрлерінің ішінде қышқылдану процестерін болдырмайтын пайдалы заттардың попкорн құрамында көп екені белгілі болды. Біз өте пайдалы деп есептейтін бидай ботқасы болса, өте аз мөлшердегі антиоксиданттардан тұрады екен. Айта кетейік, ағзадағы зиянды химиялық реакцияларды тежейтін антиоксиданттар адамды қатерлі ісікке шалдығудан сақтайды. Демек, жүгері дәнінен жасалатын қытырлақ тағам – попкорнның рак ауруына шипасы бар.