Қатты қуырылған ет өнімдерін жиі қолдану аталық бездің қатерлі ісігіне себеп болуы мүмкін. Оңтүстік Калифорния университеті жанындағы Кек медицина мектебінің дәрігерлері стейк, антрекот және басқа да тағам түрлерінің ағзаға қауіп төндіретінін анықтады.
Ғалымдар 2000-ға жуық ер адамның денсаулығына қатысты мәліметтерді талдаған. Күшті отқа қуырылып, жылдам әзірленген ет өнімдерін ұнататын ерлер арасында аталық без ісігі қаупі жоғары екені осы зерттеудің нәтижесінде расталды. «Аптасына 1,5 порциядан артық күйген ет жейтін ер адамдар қатерлі ісікке 30%, ал 2,5 порциядан артық жейтіндер 40%-ға бейім болады. Етті жоғары температурада шыжғырғанда канцерогенді заттар көп бөлінеді. Қатерлі ісіктің дамуына ықпал ететін де солар», – дейді зерттеу тобының жетекшісі Мариана Стерн.
Отқа қақталған ет ерлер ағзасына зиян екен
Последние статьи автора