Өрмекші құрылыс жұмыстарын тоқтатты

Өрмекші құрылыс жұмыстарын тоқтатты

Американың Техас штатында 15 миллион доллар қаржы төленген құрылыс жұмыстары сирек кездесетін бүйі үшін тоқтап қалды. Осыдан 32 жыл бұрын табылған бүйінің екіншісі де дәл сол жолдың бойын мекендегені үшін кеңейтілуі тиіс болған жолдардың құрылысы әрі қарай жүргізілмеуі мүмкін.
Lenta.ru-дың хабарлауынша, Американың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында сирек кездесетін бүйі 15 миллион долларға бағаланған құрылыс жұмыстарын тоқтатқан. Қала жолдарын кеңейту жұмыстары барысында табылған Cicurina venii өрмекшісі, негізінен, үңгірлерде мекендейді, усыз, жартылай мөлдір түстес, тіпті көздері де жоқ. Техастың көлік қатынасы басқармасының өкілі Джош Донаттың айтуынша, мемлекеттің қорғауындағы бұл бүйінің бір түрі бірінші рет 1980 жылы табылған. Ол да дәл сол жолдың бойында көзге түскен екен. Енді АҚШ-тың көлік жолдары басқармасы мен табиғатты қорғау саласының мамандары тоқтап тұрған құрылыс жұмыстарына қатысты бір мәмілеге келудің жол­дарын қа­рас­тырып жатыр. Ма­ман­дар­дың айтуын­ша, кептелістен шаршаған жергілікті тұрғындардың шағымына қарамастан, сирек кездесетін бүйілердің тұратын ортасын бұзуға болмайды. Ал табылған жәндік Техастың техни­калық уни­верситетіне жөнелтілген. Ғалым­дар оны зерттеп, қоректену аймақтары жайында нақты мәлімет­терді анықтап жатыр. Себебі құрылыс жүргізілетін жердің астында бұл бүйілердің өзге де түрлері жасырынуы әбден мүмкін. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста