Ұзақ отырған адам өз өмірін қысқарта түседі. 167 мың адамның статистикалық мәліметіне жүргізілген талдау нәтижесінде осындай тұжырым жасалды.
British Medical Journal журналында жарияланған материал мәліметтеріне қарағанда, ғалымдар адамның өмір сүру ұзақтығы мен оның қозғалмауы арасында байланыс барын анықтаған. Зерттеуге 167 000 адамның 2005-2009 жылдар аралығындағы медициналық көрсеткіштері негіз болды. Күніне бір жерде үш сағаттан көп отырмайтын адамның ғұмыры екі жылға дейін ұзарады екен. Ал теледидарды екі сағаттан артық қарамайтын адам 1,4 жылға ұзақ өмір сүреді. Ұзақ отырудың өмірді қысқарту қаупі 27%-ға, теледидар қараудың қаупі 19%-ға тең болып шықты. Ғалымдар көп жасау үшін белсенді өмір салтын ұстануға кеңес береді.
Көп жүрген адам көп жасайды екен
Последние статьи автора