Онкологиялық ауруларды емдеуге оңтүстікамерикалық кенелер сілекейі құрамындағы ақуыздың шипасы зор. Мұны Бразилияның Бутантан институтының зерттеушілері дәлелдеді.
«Франс Пресс» агенттігінің мәлімдеуінше, ғалымдар кене сілекейі құрамындағы заттың тері мен ұйқы безі ісігін жоюға қауқарлы екенін анықтаған. Зерттеуге Латын Америкасын мекендейтін жұқпалы ауру таратқыш Аmblyomma cajennense кенесі мен қатерлі ісікке шалдыққан тышқандар пайдаланылды. Ғалымдардың айтуынша, кенелер аузынан алынатын ақуыз басқа да ісіктер жасушасының дамуын тежей алады. Енді бірнеше жылдан соң Бутантан институты мамандарының еңбегі негізінде рак ауруына ем болатын фармакологиялық өнім жасалуы тиіс.