Берлинде Адольф Гитлерге қатысты құпия құжат табылды. Ол фашизм көсемінің Ібілістің өзімен келісімшартқа отырғанын айғақтайды.
Жұртшылықты таңғалдырған құжат 1932 жылдың 30 сәуірінде жасалған. Келісімшарттың мазмұны бойынша, Ібіліс шайтани шарттарды мүлтіксіз орындайтын болса, фюрерге шексіз билік ұсынуға кепілдік береді. Ал Гитлер толық автократияға қолы жетсе, бұдан 13 жылдан соң жанын қиюға уәде етіпті. Құжатқа фюрер өз қаламсабымен, ал Ібіліс тарапы қанмен қол қойған. Келісімшарттың түпнұсқа екенін төрт халықаралық сарапшы жүргізген зерттеудің нәтижесі растап отыр. Ғалым Грета Лайбер тарихта жын-перілермен, басқа да магиялық күштермен келіссөздер жүргізген танымал тұлғалардың аз еместігін айтады. «Гитлер жоғарғы мектептен шығарылған, түрмеде отырған бейбақ еді. Бірақ 1932 жылдан соң оның өмірі күрт өзгерді. Біздің болжамымыз бойынша, Гитлердің неміс билігін бірден қолына алуына осы құпия келісімшарт себеп болған. Мұны оның 1945 жылы сәуірдің 30-ында, яғни келісімшартта көрсетілгендей, тура 13 жылдан соң өлгенінен байқауға болады», – дейді Г.Лайбер.
Гитлер Ібіліске бағынған
Последние статьи автора