Ғаламторда адам ағзасына психологиялық ауырлық түсіретін мамандықтардың рейтингі жария етілді. Соның нәтижесінде 200 балдық көрсеткіш бойынша өрт сөндіруші қызметінің ең стресті кәсіп екені анықталды.
Өрт сөндірушілер жұмысының маманды күйзеліске әкеп соқтыруына еңбек жағдайының ауырлығы мен жұмыс күнінің ретсіздігі себеп. Рейтингтің екінші орнына фирма жетекшілері көтеріліп отыр. Оларға дағдарыс жағдайындағы жұмысшылар үшін және бизнестің барлық аспектісін меңгеруде үлкен жауапкершілік артылған. Күйзеліске әкеп соқтыратын мамандық иелері қатарында такси жүргізушілері, оташы дәрігерлер, полицейлер мен ұшқыштар бар.