Бірінші дүниежүзілік соғыстың шығыны толық өтелді

Бірінші дүниежүзілік соғыстың шығыны толық өтелді

Германия Бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысы бойынша репарацияларды төлеуді аяқтады. Соғыстың 70 млн евро болатын соңғы материалдық өтемақысы өткен жексенбіде төленді.

BBC News-тің хабарлауынша, репара­цияны толығымен өтеу Германия мемле­кеті бірігуінің 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бірінші дүниежүзілік соғыс­тың қорытындысы бойынша, Версаль бейбіт келісімі қабылданып, соның нәти­жесінде 100 мың тонна алтынға пара-пар 269 млрд алтын марка көлемінде репарация белгіленген еді. Алайда кейін бұл сома қысқартылды, Гитлер билікке келгеннен кейін ол мүлдем төленбей қалды. 1953 жылы келісім қайта күшіне еніп, репарация екі бөліктен тұратын Германияның бірігуінен соң толық өтелетін болып шешілді. Айта кетейік, репарация соғыс шарпыған елдерге төленеді. Алайда 1992 жылы Ресей ақшадан бас тартып, оның орнына КСРО-дағы барлық германиялық меншікті иеленетін болды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың репарациясы – тарихи зерттеуді қажет ететін тақырып. Көптеген ғалымдардың пікірінше, Екінші дүниежүзілік соғыстың тууына себеп болған жайттың бірі – осы. Материалдық өтемақының тым жоғары болуы неміс жетекшілерінің наразылығын туғызып, бейбіт келісімді бұзуға итермелеген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста