Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өтіп жатқан дәстүрлі көрмеде әлемдегі ең үлкен кітап көпке таныстырылды. Earth («Жер») аталатын жинақтың ауданы – 1,83х2,74 метр.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, австралиялық Millennium House баспахасынан биыл шыққан бұл кітаптың әр томы 100 мың долларға бағаланып отыр. Алып кітап барлығы 31 томнан тұрады. Оның алғашқы екі жинағы Біріккен Араб Әмірлігінің мемлекеттік мұражайына сатылған. 500 беттен тұратын әр томның салмағы 35 келіден асады. «Жер» жинағына әлемнің қазіргі заманғы географиялық картасы және дүниежүзінің көрнекті орындарының фотосуреттері топтастырылған. Бұл еңбек жарық көргенге дейін «әлемдегі ең үлкен кітап» атағы 1660 жылы басылып шыққан «Клейн атласына» тиесілі болды. Оның көлемі – 1,9х1,75 метр.
Әлемдегі ең үлкен кітап Австралияда басылады
Последние статьи автора