Жобалық әдісті енгізу- мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың бір бағыты.

Жобалық әдісті енгізу- мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың бір бағыты.

Г.Е.Спанова,
№35 «Балбұлақ» МДҰ,
Ақтөбе қаласы

Ұлттық білім беру жүйесін модернизациялау саясаты – дүниежүзілік білім беру кеңістігіне енудің шарттарының бірі. Модернизация оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесі ретінде білім беру сапасына қойылатын жаңа талаптарын айқындайды.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін модернизациялау мектепке дейінгі ұйымның іс-әрекетінің сапалық өзгерістеріне, даму тәртібіне көшуге ықпал ететін инновацияны меңгерген жағдайда ғана мүмкін. Мектепке дейінгі білім беру жүйесін модернизациялау жағдайындағы жұмыс жасап жатқан педагогтарға оқу тәрбие материалының жаңа мазмұнын шығармашыл ойлап түсіну, жан-жақты тәрбиенің аса тиімді жолдарын, формалары мен әдістерін табу қажет. Кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін меңгеру жоғары дамыған кәсіби ойлауға, педагогтың шығармашылық әлеуетін белсендіруге бағытталған.
Жобалық әдіс – оқытудың қазіргі кездегі инновациялық әдістердің бірі. Бұл әдісті қолдану балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал ететін МЖМБС жүзеге асырудың бір бағыты болып келеді. Жеке тұлғалық бағдарлы тәсіл – білім беру жүйесінің басты орнына баланың тұлғасын, оны дамытудағы ыңғайлы, қауіпсіз, қолайлы жағдайларын құрып, табиғи әлеуетін жүзеге асыруды қамтамасыз етуін қояды.
Инновациялық бағыттардың бірі: «Отбасылық педагогикалық жобалар».
Отбасылық жобалар дегеніміз не?
Мемлекеттік стандарттың «Таным» білім беру саласында отбасылық тәрбие міндеттерінде аталғандай, ата-ана баланың танымдық қызығушылығын және білуге құмарлығын бірлескен ойын, практикалық, зерттеушілік және ізденіс іс-әрекеті арқылы қанағаттандыруы тиіс. (ҚР МЖМБС – 2008 ж.). Сондықтан да бүгінде мектепке дейінгі ұйымдарда отбасылық педагогикалық жобаларға ерекше орын беріледі.
Жобалық іс-әрекет мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл-ойын тиімді дамытуы үшін балалардың танымдық белсенділік ерекшеліктерін түсіну қажет. Жобалық іс-әрекетте бала қойылған міндеттердің орындалуына байланысты түрлі мүмкіндіктерді зерттейді, өзінің анықтаған критерийлері бойынша ұтымды тәсілін таңдайды. Мектепке дейінгі жастағы жобалық іс-әрекеттің өзіндік ерекшелігі баланың түпкі ойының өзі ғана, оның техникалық мүмкіндіктерінен озады. Осыған орай, баланың ойындағысын жүзеге асыруда оған көмек беру маңызды. Басқа балалардың көмегіне сүйену қиын. Жобалық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін үлкендерді қатыстыру қажет, алдымен баланың ата-анасын, себебі жалғыз өзі бұл іс-әрекетті орындай алмайды. Тәрбиеші жобаның тақырыбы бойынша балаларға тапсырмалар ұсынады (орман алаңқайының макетін жасау, өсімдіктердің суреттері салынған альбом, плакат, дала гүлдерінің гербариі және т.б.).
Балалар ата-анасымен бірге өздерінің қалауы бойынша тапсырманы таңдап алады. Тәрбиеші тапсырмаларды берудің алдында оларды мұқият ойластыруы керек. Тапсырмалар тым қиын орындалатын болмай, «ниетпен және қуанышты» орындалатындай болғаны дұрыс. Қажет болған жағдайда тәрбиеші анықтамалық, практикалық материалды ұсынып немесе оны қайдан таба алатындарына нұсқау жасайды.
Жобаның соңғы кезеңі – қорғау. Ол әрқашан өте қызықты көрініс. Жобаны қорғау үшін қонақтарды, ата-аналарды, балаларды шақыруға болады. Эмоционалдық қызудың жоғары деңгейі дәл осы кезеңге келеді және де оны жобаның әлеуметтік маңыздылығымен күшейту қажет. Жоба кімге және не үшін құрылғанын және не үшін қажет екенін түсіндіру керек. Жобаны қорғау формасы қызықты да жарқын, әр баланың, ата-ананың, педагогтың жасаған үлесін айқындап көрсете алатындай ойластыру керек. Баланың ата-анасымен бірлесіп орындаған жұмысы бір-бірін жақсы түсініп, өзара қолдаушы қарым-қатынас орнатуға септігін тигізері сөзсіз.
Жобалардың негізгі мақсаты отбасын нығайту, балалар мен ата-аналарды қатысушылардың нәтижелі қарым-қатынасы мен серіктестігі негізінде пайда болатын шығармашылық процеске қатыстыру.
Жобалар не үшін керек?
• Балаларға:
Жобалау балалардың белсенділік түрлерінің басқа формаларының дамуымен орны толтырылмайтын танымдық іс-әрекетінің маңызды сферасы болып келеді. Ол мектепке дейінгі жастағы баланың дамуына жағымды әсер ететін қасиеттердің қатарына ие. Ең алдымен баланың болмыстың түрлі салалары туралы білімдері кеңейтіледі. Ол көбінесе зерттеушілік және шығармашылық жобалардың орындалуымен байланысты. Сонымен қатар, баланың танымдық, коммуникативтік және реттегіш сияқты жалпы қабілеттері дамиды.
• Педагогтарға:

Жобалау педагогтарды мүмкіндіктер кеңістігінде болып, үйреншікті және үлгі бойынша іс-әрекеттерді қолданбауға, күнделікті шығармашылық өсуді талап етеді.
• Ата-аналарға:
Балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасы дамиды. Бала жақын үлкендерге өздеріне таныс ситуацияларда жаңаны ашып, түрлі идеяларды ұсынғандықтан, өзінің ата-анасына мазмұнды қызықты қырынан көрінеді.
Баланың және ата-ананың болмыс өмірі мағыналы мазмұнымен толысады, оның өзі түрлі альбомдар, қызықты істер мен дәстүрлермен көрсетіледі. Жобалық іс-әрекеттің қорытындысы – бұл басқа балаларға және ата-аналарға нәтижелерін көрсететін презентация. Жобалардың тақырыптары әр түрлі болуы мүмкін: «Тату-тәтті жанұя», «Жанұямыздың дәстүрлері», «Біздің ойыншықтар», «Табиғатқа көрік берген көбелектер», «Тастар құпиясы» және т.б. Бастапқы кезеңде жобалық іс-әрекет тәрбиешінің бағыттаушы ролін ескереді, ал кейін ата-аналар бастамасын өз қолына алуы мүмкін [2].
Осылайша, отбасылық жобалар балалар мен ата-аналардың дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылық қуат беріп, отбасындағы жағымды өзгерістермен толады, отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның өзара әрекеттестігі мен ынтымақтастығын құруға ықпал етеді.
Балалардың мектепке дейінгі жаста әлем туралы жаңа мәліметтерді білуге ұмтылысы, қоршаған ортаны танып білуге деген ынтасы, бақылау жасауға, өздігінен ізденуге әрекет етуі – ол табиғи қалыпты жағдай. Әрбір дені сау бала туылғаннан әр нәрсені «зерттеп білуге» құштарлығы, ізденушілік белсенділігі басым болады. Осындай ішкі ынта ықылас зерттеу жасауға түрткі болып, баланың психикалық және өзіндік дербес дамуына жағдай жасайды. Балалардың өздігінен зерттеу жасай отырып алған білімдері репродуктивті тұрғыда алған білімдеріне қарағанда берік болады.
Жобалық іс-әрекет процесінде біздің балалар ойлауға, өз ой түйінін жасай білуге, ақпаратты шығармашылықпен ізденуге, олардың бойында презентациялық, ізденіс танымдық дағдылары мен іскерліктері дамыды. Балалар бір-біріне көмекке келуге, ұжымда жұмыс жасауға үйреніп, оқыту процесі олар үшін тұлғалық маңызды болып келеді.
Тәрбиеші ойынға тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы деп қарамай, балаға берілетін танымның білім мен тәрбиенің құнды негізі деп қараса ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, мақсатына жете алады. Ойын арқылы ғана дамыған бала алғаш мектеп есігін ашқанда білімді, қоғамдық тәжірибені тез меңгеріп, мінез-құлқын, ерік-жігерін, қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейтіп, болашаққа қызығушылықпен қарайды.
Қазіргі кездегі оқытудың инновациялық әдістерінің бірі – жобалық іс-әрекет, мұнда балаларды өз бетінше ойлауға ғана емес, сонымен қатар ақпаратты шығармашылық іздеуді жүзеге асыру, проблеманы табу және шешу, балалардың қызығушылықтарын оятып, оқу процесін тұлғалық маңызды етуге мүмкіндік беріледі.
Біздің мектепке дейінгі ұйымдарда жобалық әдіс үшінші жыл қатарынан жүзеге асырылуда. Қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді де көптеген жобалар туындады. «Как живут камни?», «Огенные фонтаны», «Ойыншықтар әлеміне саяхат», «Здоровячок», «Этот загадочный мир – космос», «Табиғатқа көрік берген көбелектер», «Мои домашние любимцы», «Ғажайып апорт алмасы» және т.б. Жобалық іс-әрекет аясында педагогтар мен ата-аналар арасында бұл әдістің мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғасын дамыту үшін маңыздылығы жөнінде түрлі бағыттағы жұмыс жүргізіледі: әңгіме, іскерлік ойындар, пікірталастар, кеңестер, семинар-практикумдар, балалар жұмыстарының көрмесі, жобалардың презентациялары. Балалардың бұл жас аралық кезеңі тұрақты зейін, бақылағыштық, талдау, синтез, өзін бағалаудың алғашқы қабілеттерімен, бірлескен іс-әрекетке ұмтылысымен ерекшеленеді. Жобада білімнің әр саласы мазмұнын біріктіруге болады, сонымен қатар, балалардың, ата-аналардың, педагогтардың бірлескен ізденіс-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру үшін кең мүмкіншіліктерін ашады.
Жобалау технологиясын жүзеге асыру біздің балаларға өз бетінше жобалардың тақырыптарын, идеяларын ұсынуға мүмкіндік берді. Олардың қисынды ойлауы, әр құбылысты жан-жақты зерттеу керектігі туралы түсініктері қалыптасты. Жұмыс процесінде балалардың белсенділігі мен өз бетімен жұмыс істеу дағдылары қалыптасты. Тәрбиешілер әр баланың өзін-өзі тануына ықпал етіп, оның жеке ерекшеліктерін ашып, жеке тұлғасының өзіндік мәдени аймағын құра білді. Балаға деген жақсы қарым-қатынасы, тілектестік, әлемге деген сенім сезімдерін қалыптастыруда [2].
Осы жұмысымыздың нәтижесі ретінде тәрбиеленушілеріміздің қалалық, облыстық, республикалық конкурстардағы жүлделі орындарын атап өтуге болады. Сонымен қатар, педагогтар әрдайым ізденісте болып, ақпараттық білім беру ортасында жобалық іс-әрекетті тиімді қолданып, Қазақстанда Intel «Болашақ үшін оқыту бағдарламасы» бойынша жұмыс жасап, жүйелік конкурстарға, іс-шараларға қатысуда. 2012 жылдың қорытындысы бойынша «Тьютор» атағын алды. Кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін меңгеру жоғары дамыған кәсіби ойлауға, педагогтың шығармашылық әлеуетін белсендіруге бағытталған.
Білім беру модернизациясы әрдайым өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отыратын, білімін, дағды-іскерліктерін жаңартып, ізденіске ұмтылатын педагог жүзеге асыратынын есте сақтауымыз керек.
Жобалық іс-әрекет процесіндегі жеке тұлғалық бағдарлы тәсіл балалар ұжымын олардың жеке ерекшеліктеріне орай топтарға бөліп, рөлдерге бөлуді қарастырады:
- зерттеуші – ақпаратты жинау кезеңіне жауап береді; өз бетімен және тәрбиешінің, ата-аналарының көмегімен керек ақпараттарды іздейді.
- шығармашыл – жаңа шығармаларды ойлап шығарады, безендіреді.
- көмекші – қарым-қатынастарды келістіруге, жобаның басқа қатысушыларына көмек көрсетеді.
- ұйымдастырушы – жұмысты орындау кезеңдерін бақылайды.
- баяндаушы – басқа қатысушылармен бірге презентацияны дайындайды.

Тәрбиешінің міндеті жобадағы рөлдерді бөлуге көмектесу, балалардың ұжымдағы қарым-қатынасын үйлестіру. Жобалық іс-әрекетте әр баланы жеке ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың ұжымдағы қарым-қатынасына ықпал ету. Осылайша жобалық іс-әрекеттегі балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың ұжымдағы қарым-қатынасына ықпал етуге мүмкіндік аламыз.
Қорыта айтқанда, жобалық әдіс – баланы өз бетімен мәселелерді табу және шешу, ойлауға ғана емес оқыту процесін тұлғалық маңызды ететін оқыту технологиясы «Танымның» барлық тәсілдерін біріктіретін жобалар әр балаға өзіне ұнайтын таным жолын таңдауға мүмкіндік береді. Әрқайсысы өз бағытында іс-әрекет етіп (біреуі мүсіндейді, оқиды, «кітап жазады», тәжірибе жасайды) барлығы бірге көп мәлімет алады.
«Жеке тұлғалық бағдарлы тәсіл бұрынғы жылдары педагогтың талаптарын орындайтын – «жақсы тәрбиеленуші» қалыптасып келген дәстүрлі білім беру жүйесіне альтернатива болады. Жеке тұлғаға бағытталған білім беруде тәрбиеші балаға қажетті білім беру ортасын құру арқылы, топтағы әр баланың білімді өз бетімен алуға, саналы түрде шешім қабылдау, өз таңдауын жасауға мүмкіндік беретін жағдайлардың біртұтас жүйесі арқылы басқарады. Осылайша, балалармен жобалық іс-әрекетте жұмыс жасай отырып, педагог білімді тек трансляциялап қана қоймай, танымдық іс-әрекеттің үйлестірушісі, ұйымдастырушысы, серіктес зерттеуші, сараптаушы, кеңесші ретінде шығып, әр баланың жеке ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып шығармашылық дамуы үшін жағдай жасап, білім беруді ізгілендіру үшін қолайлы жағдайларды құрады.

Резюме: Бұл баяндамада балалардың танымдық белсенділік ерекшеліктерін түсіне отырып, жобалық әдіс арқылы балаларды өз бетімен мәселелерді таба алуға және шеше білуге үйрететін түрлі әдіс-тәсілдер мен жобалар және оларды ата-аналармен бірге жүргізудің жолдары көрсетілген.
Резюме:в данном докладе отражены пути и решения возникающих на пути развития ребенка познавательных и других ситуаций в соответствии с их возрастными особенностями,совместно с родителями.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
2. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Оқулық. Тараз.
Тар МУ.2003.
3. Әбілова З. «Этнопедагогика».-А., 1997
4. Назарбаев Н. Қазақстан-2050 (Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы). – Астана, 2012.
5. Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. –Алматы, 1986.
6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер. – Астана, 2009.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста