Үздік онлайн сабақ жоспары 8-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Ш.Құдайбердіұлының өмірі және шығармашылығы. «Қалқаман-Мамыр» дастаны
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Ш.Құдайбердіұлының өмірі және шығармашылығы туралы қосымша деректермен танысу. «Қалқаман - Мамыр» дастанының мазмұнымен танысып, әдеби теориялық талдау жасау. Дастанның маңыздылығын, ұлттық ерекшеліктерін ұғындыру. Тақырып пен идеяны ажырата білу.
Тәрбиелік. Халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеу, дәстүрімізді күнделікті тұрмыста қолдана білуге үйрету. Ұлттық ерекшелік пен құндылықтарымызды қадір тұту, бойына сіңіру.
Дамытушылық. Ой тастап, бағыт бере отырып, ғылыми негізде ізденушілікті дамыту. Сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сөздік қорларын байыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: зерттеу-іздену сабағы
Сабақтың технологиясы: Қ.О Бітібаева технологиясы бойынша
( дамыта оқыту, проблемалық оқыту, даралап, саралап оқыту).
Әдіс-тәсілдері: іздендіру, зерттеу, талдау, топпен жұмыс.
Сабақтың жабдығы: белсенді тақта, презентация,кесте, Ш.Құдайбердіұлы. Өлеңдер жинағы, карточкалар.
Қолданылған әдебиеттер: Қ.Әбдезұлы, Г.Д.Рыскелдиева, С.Ч.Тұрсынғалиева
Қазақ әдебиеті 8 сынып Астана «Арман-ПВ» 2012.
Әбдіғазиұлы Б.Шәкәрім шығармаларының дәстүрлік көркемдік негіздері. Алматы 2000.
Қ.Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі 1997.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, музыка, орыс әдебиеті, шет ел әдебиеті.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті әріптестер, оқушылар, бүгінгі онлайн сабақта №61 ЖББОМ-тің 8 «а» сыныбы. Біздің сабағымызға қатысып отырған қаламыздың барлық оқушылары мен ұстаздарына сәлем береміз.
Үй тапсырмасын сұрау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу (үй жұмысы жаңа сабаққа байланысты берілген).
Мұғалімнің сөзі: «Балалар, өздеріңе берілген үй жұмысы бүгінгі сабағымызбен тікелей байланысты. Жаңа сабағымыз Шәкәрім Құдайбердіұлы бабамыздың өмірі, шығармашылығы және «Қалқаман -Мамыр» дастаны жайында болмақ. Әуелі оқушылардың өз беттерімен іздену нәтижесінде тапқан материалдарымен танысып көрелік.
Жаңа сабақ
1-тапсырма
Үш топ белсенді тақта алдында өз жұмыстарын қорғайды.
1-топ. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір жолы
2-топ. Шәкәрім шығармашылығы
3-топ. Шәкәрімнің сазгерлігі
2-тапсырма
Дамыта оқыту технологиясы бойынша оқушыларға «Қалқаман-Мамыр» дастанын алдын ала оқып, мазмұнымен танысып келу тапсырылған. Сұрақтар қоя отырып, дастанның қысқаша мазмұнынын баяндату.
-Дастанда не жайында айтылған?
-Қалқаман мен Мамырдың махаббаты туралы дастан.
-Екі жас мақсатына жетті ме, қосыла алды ма?
-Екі жас қашып кетіп қосылды, бірақ салт-дәстүр оларды айырды. Мамыр жақынының қолынан қаза тапты, Қалқаманның тәні де жаны да жараланып, өз жұртынан безіп кетті. Ел бірлігін сақтау үшін, ел ішіне іріткі түспесін деп Әнет баба лажсыз Қалқаманды оққа байлады.
Дастаннан үзінді мәнерлеп оқу.
3-тапсырма
Проблемалық сұрақ қойып пікірталас туғызу.
-Әнет баба неліктен Көкенайдың шешімімен санасады? Көкенай кім?
-Әнет баба Неліктен Қалқаманды оққа байлады?
-Қалқаман мен Мамырдың туыстық қатынастары бола тұра қосылуы дұрыс па, бұрыс па?
-Қазақтың салты бойынша өз атасынан жеті атаға дейін, нағашы жұртынан бес атаға дейін қыз берісіп, қыз алысуға тыйым салынған. Себебі қан жақындасады, дүниеге келер ұрпақ кеміс боп туылады. Бұл тек салт дәстүр ғана емес, мұның ғылыми негізі бар. Сонымен қатар ел арасына іріткі түсіп, рулық алауыздық туындады.
-Осы кезеңде қазақ тарихында қандай жағдай болып жатты?
-Сол кезде қазақ тарихы үшін де қиын кезең болып тұрған. Жоңғар шапқыншылығы болып жатқанда ел бірлігін сақтау - бәрінен де маңызды еді, сондықтан Қалқаман мен Мамыр қосылмау керек еді.
-Мен бұған келіспеймін, себебі қазақ салтында әрдайым осылай махаббат жолында талай жастардың қаны төгілді, жас жаны құрбан болды.
Мұғалім сөзі:
-Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс немесе бұрыс деп біз кесіп төрелік айта алмаймыз, қалай болғанда да біз осы оқиғадан ғибрат алуымыз керек. Өз пікірлеріңді білдіргендеріңе рахмет.
Енді деңгейлік тапсырмалар орындаймыз.
4-тапсырма
Деңгейлік тапсырмалар орындату.
1-деңгей
Берілген шумақты өлең құрылысына талдау .
2-деңгей
Дастанда кездесетін айшықты сөздерді, көркемдегіш құралдарды табу.
3-деңгей
Поэмаға композициялық талдау жасау.
Композициялық талдау жасау.
І. Пролог – алғы сөз. Тобықты руының таратылуы. Сырда болуы.
ІІ. Экспозиция – сюжеттің басталуы.
Қалқаман мен Мамырдың бір-біріне ғашық болуы.
ІІІ. Сюжеттік байланыстар.
А) Мамырдың бастаңғы жасауы.
Ә) Қыздың Қалқаманды жеке шақыруы.
ІV. Оқиғаның дамуы
А) Қалқаманның Мамырды  алып қашуы.
V.  Шиеленіс
Ә) Мамырдың өлімі.
VІ. Кульминация – шарықтау шегі.
Көкенай шарты.
VІІ. Шешімі.
А) Қалқаманды оққа байлау.
Ә) Қалқаманның елден кетуі.
VІІІ. Эпилог.
Бұл оқиғадан кейінгі жағдай.
4-тапсырма
Екі тармақты сөйлем мүшесіне талдау.
Лирикалық шегініс жасап, Шәкәрімнің бір әнін оқушының орындауында тыңдау.
Бекіту кезеңі

 

5-тапсырма
Топтар бір-біріне сұрақтар қояды.
Мұғалімнің сұрағы.
Дастанның тақырыбы не жайында?
Дастанның идеясын ашып айтыңдар.
Қорытындылау
Мұғалім сөзі:
Міне, бүгінгі сабақта аса көрнекті біртуар ақын, сазгер, аудармашы, философ, данагөй бабамыз Шәкәрімнің өмір жолымен шығармашылығымен және «Қалқаман-Мамыр» дастанымен жете таныс болдыңдар. Бұл жерде сендердің өз беттеріңше ізденіп, зерттеген жұмыстарыңның нәтижесін көрдік. Топ басшылары бағалау парақтарын тапсырыңдар, мен өз бағамды қоямын.
Үйге тапсырма
1-деңгей
Дастаннан үзінді жаттау. Кейіпкерлерге мінездеме беру.
2- деңгей
«Қалқаман-Мамыр» фильмін көріп, поэма желісімен салыстыру.
3- деңгей
Қалқаман – Мамыр оқиғасы болған кезеңдегі тарихи оқиғаны зерттеп, әзірлеме дайындау

 

Көки Жұлдыз, Қарағанды қаласы № 61 жалпы білім
беретін орта мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста