Тұғыры биік Тәуелсіздік.
Тәуелсіздік  бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтеуі болды. Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне жиырма тоғыз жыл. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінде, колледж директоры Нұғман Алмасбек Нөкербанұлының басшылығымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған жоспарланған онлайн форматта іс шаралар өткізілуде.
Іс шаралар патриоттық шығармаларды мәнерлеп оқуға арналған "Қазақстан жастары- Тәуелсіздік толқынында" атты акциясы, онлайн флашмоб: «I LOVE KAZAKHSTAN» , үш тілде ' Туған Қазақстаныма деген сүйіспеншілікті мойындау "атты эссе . Өткізілген іс шараларға ұстаздары мен білім алушылары қатысты.
Білім алушылар, Тәуелсіздік елдің ең басты тұғыры, қоғамның рухы, жігері. Тәуелсіздік  ащы термен келген тәтті жеңісі екенін төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн екенін сезініп білді. Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған ызғарлы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды. Иә, Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Желтоқсан жаңғырығы бізге Тәуелсіздіктің таңын әкелді.
Тұғыры биік Тәуелсіз елде өмір сүру мен үшін үлкен бақыт.Сондықтан өз елімнің тұғыры әрқашанда биік тұруына біздің колледж ұжымы да Тәуелсіз елдің тәуелсіз ұрпақтарын тәрбиелеуде және жұмысшы мамандығын алуға да ат салысып келеді .
Тәуелсіздік  ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні  ең қастерлі күн. Біз бүгінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік  тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы.
Сутемгенова Джанат Кыдырбаевна, Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің оқытушысы