Тілім менің – тірлігімнің айғағы

Тілім менің – тірлігімнің айғағы

Меруерт Әбуова Әбітайқызы
Астана қаласы Білім басқармасының
әдіскері, №35 мектеп-лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Әр халықтың ана тілі - білім кілті. Бүгінгі күні қазақ тіліне, оның даму бағытына, оқытылуына, қолданылу аясына кімде-кімнің болса да шынайы жанашырлықпен, үлкен сезімталдықпен қатты көңіл бөліп, жіті қадағалауы - табиғи заңдылық. Өйткені, ата-бабамыз армандаған азаттыққа қол жеткізген тәуелсіз Қазақстанның ендігі болашағы қазақ тілінің тағдырына тікелей байланысты. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін өмір шындығы. Оған дәлел – Елбасымыздың Жолдауында айтылған «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл».
Бүгінгі таңда Астана қаласының қазақ тілді емес мектептерінде қазақ тілінің мұғалімі тіл үйрету жолдарында әртүрлі тәсілдер мен әдістерді өзінің тәжірибесіне сүйене отырып, сабақтың әр кезеңінде балалардың білім деңгейіне байланысты пайдаланады. Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі – сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсаты айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол сонымен бірге басқа ұлт балаларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән. Сонымен қатар, тіл тағдырын жетілдіру көп ретте мектепте атқарылатын жұмыс деңгейіне байланысты. Өйткені, өскелең ұрпақтың балғын санасына бай тіліміздің нәрін сіңдіріп, көкірегіне ұялатуға әр пән мұғалімі ауқымды істер атқаруы тиіс. Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Астаналық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді. Өкініштісі сол, 11 жыл мектепте оқыған оқушы мектеп бітіргенде неге қазақша білмей шығады деген сауал қоғамды алаңдатып отыр. Әрине, бұл жерде жауапкершілікті тек мектепке, мұғалімге ғана артып, кінәліні іздеумен боламыз. Тек, бар мұғалім өз міндетін жауапкершілікпен атқарып жүр деп айта аламыз ба?! Көпшілікке топырақ шашудан аулақпын. Өз ісін абыроймен атқарып, күнді-күнге жалғап, тырбанып еңбек етіп, жетістіктен-жетістікке жетіп отырған мұғалімдер саны да аз емес. Бірақ, ол кісілердің еңбегі көрінбей отыр. Өйткені мемлекеттік тілді талап етуші сол мұғалім ғана. Бала мемлекеттік тілде тек сабақта ғана жауап беріп, бар білгенін тек сабақта ғана пайдаланып отыр. Ал сыртқы ортада сол сабақта алған білімін тереңдету мен жетілдіруге деген мүмкіндік жоқ. Бүгінгі күнде жас ата-аналардың да бар ойы тек ағылшын тілінде. Дүниенің кілті ағылшын тілінде деп санасына сіңірген оқушының, мемлекеттік тілге деген көзқарасын өзгертіп отыр.
Алайда, тәуелсіздіктің арқасында қазақ тіліне деген сұраныс пен қажеттілік барған сайын артып келеді. Әсіресе, өзге ұлт өкілдерінің ана тілімізге деген құрметі мен қызығушылықтары айтарлықтай өсті. Олар қазақ тілі арқылы танымал болудан гөрі ана тіліміздің әуезділігі мен құдіреттілігін мойындап, сыйлайтын деңгейге жеткен.
Қазақ тілі – оқушыға ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтындай білім бере алатын бай тілдің бірі. Осы үлкен міндетті жүзеге асыру мектептің, оқушылардың қызметіне тікелей байланысты және мемлекеттік тілдің қолданылу аясына, қабылданған заңдардың сөз жүзінде емес, іс жүзінде орындалуына да байланысты. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың пікір айту, ауызша, жазбаша сауатты сөйлеу, қоғамның өзге өкілдерімен дұрыс қарым-қатынас жасауы, яғни әрбір адамға керекті коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру мәселелерін шешуге міндеттіміз.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста