Сабақ тақырыбы:«Боз бие»

Ағыбаева Бақыт Абузарқызы
Өскемен қаласы
Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп- лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі


Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдісі :зерттеу,түсіндіру, талдау
Мақсаты: « Боз бие» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру.Жылқы малының түсіне,қасиетіне байланысты сөздермен танысып, баланың тілін, танымын дамыту. Бірлесе жұмыс жасай отырып, өз пікірін дәлелдеуге дағдыландыру. Алфавитті пысықтау. Еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа баулу.
Дерек көзі: оқулық, интеракт. тақта, интернет.
Оқу нәтижесі:
• Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқиды.
• Пікірлеседі, ойланады, ортақ ой түйеді.
• Бие сауу, саумал, қымыз, ат әбзелдері ұғымдарымен танысады.
• Қымыздың пайдасы туралы қосымша мағлұмат алады.
Негізгі идея: Өлеңді оқып, жылқы малының қасиетін, түр-түсін, пайдасын біле отырып, төрт түлікті қастерлеуге үйрету. Тілдік материалдарды оқумен байланыстыру мақсатында , малдың түсін алфавит ретімен жаздыру.Сөздерді қатесіз, әдемі жазуға төселдіру. Өз ойларын жүйелі, нақты жеткізе білуге баулу.
Тапсырмалар : 1. 4 топқа әр түрлі тапсырмалар беру
2.Сұрақ жауап.
3.Ойын
4.Деңгейлік тапсырма
5.Шығармашылық тапсырма
Кейінгі тапсырма: Мәнерлеп оқу. Жылқы нені жақсы көреді?
Мұғалім жазбалары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Әр қажетті нәрселердің болуы (бор, сүрткіш) Сабаққа қажетті оқушылардың құрал-жабдықтарының түгел болуын тексеру. Сыныптың гигиеналық талапқа сай болуын бақылау.
2.Ой қозғау. Күй орындалады.( Осы күйді естігенде не елестеді?)слайд- Қазақтың небір тұлпары, жүйріктері шауып келе жатқандай...

–Ендеше бүгінгі сабағымызда да жылқы туралы болмақ. Сабағымызда 4 топқа бөлініп жұмыс істейміз. -Төрт түлікке нелер жатады? –Дұрыс, топтарымыз «Құлыншақ», «Ботақан», «Бұзауқан», «Қошақан»болсын. Төрт топқа тапсырмалар беріледі.
Құлыншақ тобына: Жылқы қандай жануар? Жылқы туралы не білесіңдер? Зерттеп, ақылдасып айтасыңдар.
Жылқы- жершіл, төзімді мал. Оның жүйрігі, жорғасы, аяңшылы, жүк тартқышы болады. Жеті қазынаның бірі. Таза су ішеді. Жылқыны жылқышы бағады.
Ботақан тобына: Жылқы туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Бұзауқан тобына: Топтағы оқушылар алфавитті жатқа айтады.
Қошақан тобына: Қымыз бен Коко-коланың қайсысын ішер едіңдер? (Алдарына беріледі.) Қай сусын пайдалы, қай сусын зиян? Неге? Зерттеп, талқылау. (Мұғалім қорытып, түйіндейді)
Қымыз-құнарлы, табиғи, нәрлі тағам. 70 түрлі ауруға ем. Микроэлементтер, пайдалы заттар бар.Ауырған адамға ем- -, сауға күш-қуат береді.
Газды сусындағы көмірқышқыл газы асқазандағы безді тітіркендіреді, гастрит ауруына әкеледі.1 л –де 8-10 шақпақ қант бар.
3.Жаңа сабақ:
«Боз бие» Қ. Баянбай- белгілі ақын, аудармашы, жазушы. «Араша», «Тәтті сабақ»т.б. балаларға арнап жазған шығармалары бар.
«Боз бие» мәнерлеп оқу, оқушылармен бірге дауыстап оқу. 1-2 оқушыға оқыту.
-Өлеңде не туралы айтылады? (талдау)
Саба- саумалды құйып, қымызды ашытатын ыдыс. Саумал- ашымаған сүт.
Сергіту сәті: «Қаражорға» биі
Дәптермен жұмыс. 24-жаттығу(ауызша), 25-жаттығу-жазбаша
Ауыздық- жүгеннің аттың аузына салынатын металдан істелген бөлшегі.
Жүген- аттың басына кигізетін ауыздығы бар сайман.
Қамшы- жүрісін жылдамдатады.
Құрық-жылқыны ұстау үшін жіп тағылған жіңішке сырық.
Таға- аттың тұяғы желінбес үшін қағылады.
Тізгін- атқа мінушінің атты жөнге салып отыратын жүгеннің ауыздығына байланған қайыс.

Үзеңгі- атқа міну, табанды тіреу үшін ерге қайыспен тағылатын дөңгелектеп металдан соғылған ердің жабдығы.
5-6 оқушыға деңгейлік тапсырмалар беріледі . Қалған оқушылармен «Қайда барып, не көрдім?»ойынын ойнаймыз.
-Қыста барып өзеннің жағасына бөгелдім,
Кім айтады, кәнеки,
Мен ол жерден не көрдім?(Қар,мұз , тас, тал, қырау, су)
-Қыста барып ауылға, жан-жағымды барладым
Кім айтады, кәнеки,
-Мен ол жерден не көрдім?( Үйлер, қар, малдар, балалар...)

Жылқы түрлері слайдтан көрсетіледі
Шабдар- құйрық-жалы ақшыл сары түсті жирен.
Торы-қызыл түс.
Жирен-қызыл сары түс.
Құла-құйрық жалы қара сарғылт түсті жылқы.
Күрең- қоңырқай сарғылт түс.
Қарагер-қара мен ақ аралас.
26-жаттығу түсіндіріледі. Әрбір сөзге түсінік беріледі.
Слайд « Қазақтың ұлттық ойындары» көрсетіледі.
4 топқа шығармашылық тапсырмалар беріледі.
«Құлыншақ» «Бұзауқан»
Жұмбақты шешіп, суретін сал. «Құлын» тақырыбына шағын әңгіме құраңдар.
«Ботақан» «Қошақан»
Құлыншағым -(құндызым,)«Құлын» тақырыбына әңгіме құраңдар.
Құлдырайды (шабады )Құлын-әдемі, ерке төл.Құлағын тікірейтіп, ой-
Жылтылдаған- (жұлдызым,) нақтап шауып жүр.Құрау-құрау деп шақырса
Құстай қанат (қағады.) келеді.

4.Қорытынды .Бағалау. Үйге тапсырма: «Боз бие» мәнерлеп оқу, жаттығу, жылқы қандай шөпті жақсы көреді біліп келіңдер.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста