«Қазақстан халқы» ғылыми интерактивті тарихи картасы» даярлануда

«Қазақстан халқы» ғылыми интерактивті тарихи картасы» даярлануда


Құдайбергенова А.И.
тарих ғылымдарының докторы,
Ш.Уәлиханов атындағы тарих және
этнология институтының бас ғылыми қызметкері

«Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді қазақ!
Байырғы қазақ жерінде, қазіргі Қазақстан елінде әртүрлі этностардың ортақ мақсат-мүддесінің болуы, тату-тәтті, береке-бірлікте өмір сүруі бірнеше ғасырлық тәжірибенің жемісі. Әлемнің ғаламдану кезеңіне енуі бұл тәжірибеге өзіндік талаптар қоюда. Мемлекеттің ішкі және сыртқы қатынастардағы күрмеуі көп, шешімі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда халқының біртұтастығын сақтауды мақсат ете отырып, этносаралық, дінаралық келісім мен ынтымақтастықты нығайтуды оңтайлы шешу елдің қазіргі кезде және болашақта тұрақты дамуына игі әсерін тигізері сөзсіз. Ал республика этностарын ортақ іске жұмылдыратын, алға жетелейтін шамшырақ – бірлік болып табылады.

Технологиялар көз ілеспес шапшаңдықпен өзгеріп, ақпараттарды беру мен қабылдаудың жаңа түрлері жылдам дамудағы ғалам талаптарына сәйкес, әрі болашақ ұрпақ үшін мәліметтерді қысқа да нұсқа, ғылыми және шынайы түрде көпшілікке жеткізе білу заман талабы.
Соның ішінде, Қазақстан халқының бірлігі мен тұтастануы тарихын интерактивті карта түрінде насихаттау толерантты қоғамның дамуына игі әсерін тигізері анық.
Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаев 2017 жылғы 26 сәуірде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында «Қазақстан халқы» ғылыми интерактивті тарихи карта» жобасын жүзеге асыру тапсырмасын бергеннен бері ерте заманнан бастап қазірге дейінгі қазақ жерінде жүрген этникалық үдерістер тарихын көрсету, сол арқылы бірлігі жарасқан қазіргі Қазақстан халқының тұтасуын карта бетіне түсіруге ғалымдар кірісіп те кетті.
Мемлекеттік тапсырманың негізгі орындаушылары: ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне есепті «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» РМҚК, «География институты» ЖШС, «Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты» ШЖҚ РМК қызметкерлері.
Ғалымдар Тарихи және географиялық ақпаратты көрсету мүмкіндігі бар геоақпараттық жүйенің және Web-технологиялардың негізіндегі веб-сайт форматындағы интерактивті тарихи картаны даярлауда. Интерактивті тарихи карта ҚХА-ның webсайтында қосымша портал ретінде орналасатын болады.
Мультимедиялық қосалқы бағдарламасы бар, геоақпараттық технологияны пайдаланатын «Қазақстан халқы» ғылыми интерактивті тарихи картасын құрастыру барысында Қазақстанды мекендеуші этностардың біртұтас Халыққа бірігу үдерісін көрсету көзделді. Ғалымдардың ізденістері негізінде бірқатар жұмыстар атқарылуда:
1-ден, ежелгі қазақ жеріндегі этникалық үдерістерге негіз болатын ғылыми мәліметтер карталарға түсіріліп, кеңес дәуірінен бері өзгеріссіз көрсетілген тұстары жетілдірілді;
2-ден, Ұлы Далада жеріндегі қазақ халқының шығу тарихының күрделі үдерісін және тұңғыш төл мемлекетіміздің – Қазақ хандығының құрылуын, оның құрамына шекараны кеңейту арқылы көршілес орналасқан бауырлас халықтар мен этностардың кіруін көрсететін тарихи карталарды іздестірілді, соны ғылыми жаңалықтар негізінде графикалық-интерактивті карталар сызылып, құрастырылды.
3-ден, Қазақ хандығы тұсынан осы күнге дейінгі полиэтностық Қазақстанның қалыптасу тарихына қатысты, этно-демографиялық, әлеуметтік-экономикалық үдерістерге, этностардың мәдени-этикалық сипаттамаларына қатысты мәтіндік және сандық мәліметтер картаға енгізілуде;
4-ден, жасап құрастырылудағы тарихи-графикалық карталар және оларда келтірілген ғылыми-анықтамалық мәліметтер негізінде көне қазақ жерінде қоғамдық келісім мен этносаралық бейбітшілікті орнату, халық бірлігін дамыту мен толеранттылықты нығайту бағытындағы қазақ ұлтының біріктіруші ролін ашып көрсету және айқындауды көрсету жолында жұмыс жүргізілуде.
Жобаның басты идеясы: қоғамдық сананың жаңаруына, Ұлттың рухани жаңғыруына бағытталған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Бағдарламалық мақаланың басты қағидаларын негізге ала отырып, «Қазақстан халқы» интерактивті тарихи картасын жасау арқылы қазақ жеріндегі ұлттар мен халықтардың жаңа жиынтығы құрылуының тарихи процесін көрсету. «...Электронды карта көне қазақ жеріндегі барлық ұлттардың бірігу процесін және ондағы қазақ ұлтының мемлекет құрушы рөлін көрнекі әрі толық түрде көрсетеді».
Жобаның негізгі идеясы мен мазмұны:
«Қазақстан халқы» интерактивті тарихи картасы» Елбасының «Қазақстан жолы: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол», «Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамасы», «Ұлт жоспары. 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам», Жолдауларында және «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясында өз көрінісін тапқан Қазақстан тұрғындарын дамытудың кешенді мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес жасалынады.
Интерактивті тарихи карта 5 блоктан тұрады:
1 – «Ұлы Дала тарихы»;
2 – «Қазақстан халқының қалыптасу тарихынан»;
3 – «Өткенге тағзым – болашаққа тағылым»;
4 – «Н.Назарбаевтың «Қазақстан – Ортақ Болашақтың Ұлты» қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі»;
5 – «Алғыс айту күні».
Этнокартографикалық тәжірибеде тұңғыш рет электронды тарихи картада Қазақстан халықтарының этностық тарихы мерзімдік жүйе негізінде топтастырылуда.
Соның ішінде: халықтың қалыптасуының тарихи кезеңдері, демографиялық өсуі, этностардың Қазақстан территориясындағы көші-қоны мен қоныстану мәселелері; жекелеген тарихи кезеңдердегі Қазақстан аумағындағы этностардың дамуы мен олардың тарихында орын алған ірі тарихи оқиғалар, этностардың Қазақстанның аймақтары мен облыстары бойынша қоныстануы (көне заманнан бері осы күнге дейін мемлекеттік шекаралардың және ел ішіндегі әкімшілік-территориялық бөліністің өзгерістері (қажет болған жағдайда) есепке алынуда. Сонымен бірге, әрбір этностың этнодемографиялық, мәдени-әдептік сипаттамалары, соның ішінде Қазақстан территориясындағы бүкіл тарихи даму кезеңіндегі санының динамикасы, арасалмағы, қоныстануы, экономикасы, этностық тарихы, мәдениеті мен өнері, Қазақстанның дамуына қосқан үлесін көрсету арқылы аз санды этностардың да тарихи картадан өз орнын алуға мүмкіндік беруге тырысудамыз.
Интерактивті картада қарастырмақшы мәліметтердің алуан түрлілігі оның жасалуының өзіндік қиындықтарын да туғызуда. Алайда бұл интерактивті карта қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін, оның негізгі ұстанымдары мен мән-мәтіндерін көрсетіп, оның өзегі - қазақстандықтардың қоғамдық санасының жаңарғандығын және Ұлттың рухани жаңғыруына толымды еңбек сіңірудегі Қазақстан халқы Ассамблеясын әлемге көрсететін туынды болмақ.
Сонымен бірге бұл картада қазақ ұлты мен басқа да этнос өкілдерінің қиын-қыстау кезеңдерде бір-біріне қол ұшын бергендігі, халықтың бірігуі туралы ұжымдық жадының негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамуы мен нығаюын көрсететін Алғыс айту мерекесі жөнінде ақпарат өз көрінісін табады .
Картаның тұсаукесері ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Алғыс айту күні – 2018 жылдың 1 наурызында жасалынуы тиіс.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста